Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:31

Досаев Алматыда хостелде қаза тапқандар туралы: екеуі шетелдік, қалғаны қазақстандық

30.11.2023

290

0

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандардың арасында бір ресейлік – Саха Республикасының азаматы мен бір Өзбекстан азаматы бар, қалғанының барлығы қазақстандық, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Әкімдіктің баспасөз қызметі сондай-ақ хостел Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттерін орналастыру бойынша меморандум жасамағанын хабарлады. Студенттерден бұл жатақханада тұруға өтініш түспеген, студенттерді бұл хостелге орналастыру жұмысы ұйымдастырылмаған.

Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: