Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 15:53

ЕЛДІ МЕКЕННІҢ 75% ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

16.08.2022

475

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жүргенбаев Бақытбек және Жалағаш аудандық мәслихат депутаты Қайрат Досымов Мырзабай ахун елді мекеніндегі жол жөндеу құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мырзабай ахун ауылдық округіндегі Колхоз және Мәдениет көшелерінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, ұзындығы 3,85 км созылатын жұмысқа мердігер компаниядан 8 адам, жергілікті жерден 6 адам жұмысқа тартылды. Халық игілігіне пайдалануға қыркүйек айына дейін беру жоспарлануда. Осы жұмыстармен елді-мекеннің 75% асфальтталады – деді ауыл әкімі Әліби Байнахатов.

Партиялық бақылау комиссиясы мердігер «Строимодуль Астана» ЖШС өкілі Жасұлан Шамуратовқа аталған жол құрылысы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын айтып, бақылауда болатынын жеткізді. Аталған жұмыстарды уақытылы және сапалы аяқталуын, жергілікті жерден жұмысқа тартылған азаматтардың тиісті жалақыларын уақытында беру ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: