Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сейсенбі, 16 қыркүйек, 15:46

Елорда төріндегі жәрмеңке

15.09.2025

5

0

Елорда төрінде Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50 жүк көлігіне тиелген 60-қа жуық тауарөндірушінің құны 200 млн теңге болатын 500 тоннаға жуық өнімі жеткізілді.

Таң атысымен Сыр топырағында кү­тіп-бапталған сапалы өнімдерді са­тып алуға асыққандар қатарында Ас­тана тұрғыны Гүлжан Өмірзақова да бар. Ол жыл сайын ұйымдастыратын қы­­зыл­ордалықтардың жәрмеңкесінен қал­­майтынын айтады. Сөзінше, жәр­мең­­кедегі өнім сапалы әрі бағасы да қалтаға қонымды көрінеді. Өткен жыл­ғы жәрмеңкеде балық пен басқа да бақ­ша өнімдерін молынан алған бас қала тұрғыны биыл күріш пен бақша дақыл­дарын саудалауға келіпті. Бір қызығы, Гүлжан Өмірзақованың өзі де бұрын Қызылорда облысында дүниеге келген.
– «Алғашқы астанадан бүгінгі бас қа­лаға ауыл шаруашылығы өнімдері жет­­ті» дегенді естіп, осында асықтық. Биыл нешінші жыл екені есімде жоқ, әйтеуір жыл сайын қызылордалықтар ұйым­дастыратын жәрмеңкеден қал­май­­мыз. Мұнда Аралдың балығы, Жа­ла­­ғаштың күріші, Шиелінің бақша да­қыл­­дары, Жаңақорғанның қарбызы, не ке­­рек, жаныңа керектің барлығы осы жер­­ден табылады. Жаңа Жалағаштың кү­рішінен 3 қап алдық, бағасы да арзан. Жал­­пы Сырдан жеткен күрішті жыл са­йын сатып аламыз, тіпті тұрақты тұ­ты­­ну­шысымыз десек те болады. Енді жыл­да­ғыдай картоп, сәбіз және басқа да бақ­­ша дақылдары мен Аралдың балығын аламыз. Әдеттегідей сауда жасамас бұ­рын алдымен барлығын аралап, баға­ла­рымен танысып шықтым. Мұндағы өнімдер сапалы, арзан болғасын ел­ор­­­да­лықтар осында асығады. Биыл да ба­ға көтерілмеген, мұнда ауыл ша­руа­шы­лығы тауарын алуға келген адам­ның қатары көп болу себебі де сон­дықтан. Қызылордалықтарға осын­­дай мол­­­­­шы­лық мерексіндегі тартуы үшін ал­ғыс біл­ді­ремін, – дейді Гүлжан Рүс­тем­қы­­зы.
Айта кетейік, Астанадағы 2 күнге жал­ғасқан жәрмеңкеге 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 20 тоннадай балық, 160 тонна бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнім­дері, 5 тонна ас тұзы жеткізілді. Сон­дай-ақ жәрмеңке аясында Сыр елі­нің өнер­паз­дары қатысқан мәдени-таным­дық кон­церттік бағдарлама елор­да­лық­тарға ерек­ше көңіл күй сыйлады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Бәсекеге қа­білетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір жолға қойылған. Биылдың өзінде 7 айда ауыл ша­руашылығында 46,5 млрд теңгенің өні­мі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,6 па­йызға артты.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 189,6 мың гектарға егін егілді. Тарқатып айтсақ, дән­­­­дi дақылдар 92,9 мың гектар, майлы да­­­­қылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық да­қылдар 73,3 мың гектар, картоп, кө­кө­­нiс, бақша 17,4 мың гектарды ­құ­рай­ды. Үкімет бекіткен Жол картасына сәй­кес 80,9 мың гектар жерге күріш егіл­ген. Ша­руа­шылықтардың егін жи­­нау нау­қа­нын бастағанына 2 апта бол­ды.
Шаруашылықтар егін жинауға қа­жетті ауыл шаруашылығы техника­ларымен, жа­нармаймен, минералды тыңайт­қыш­тармен толық қамтамасыз етілген. Бү­гін­де егін жинау науқаны қарқынды жү­руде. Ерте егілген дәнді дақылдар толық жиналып бітті. Қазіргі таңда мал азықтық, майлы дақылдармен қатар кө­көніс, бақша және күріш жиналуда.
Аймақта мал шаруашылығын да­мы­­­туға жасалған қолдаудың нәти­же­сін­де төрт түлік басы өсіп, өнім өндіру ұл­ғайды. Облыс бойынша 2025 жылы та­мызға дейін 425,4 мың бас ірі қара, 830,3 мың бас уақ мал, 270,7 мың бас жылқы, 66 мың бас түйе және 126,8 мың бас құс тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара 0,5 пайызға, жылқы 9,7 пайызға, түйе 1,2 пайызға, құс 1,2 пайызға артқан.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнім­де­рінің экспорты қарқынды дамып ке­леді. Биыл облыстан құны 18,8 млн дол­­лар­ды құрайтын 37,7 мың тонна өнім әлем­­нің 19 мемлекетіне экс­порт­тал­­­ды. Бар­лық экспортталған өнім­нің 89,4 па­­йызын құрайтын күріш өнімі Ре­сей, Бе­ла­русь, Қырғызстан, Тәжік­стан, Украи­на, Әзер­бай­жан, Өзбек­стан, ­Гру­зия, Моң­­ғолия жә­не Ирак мемле­кет­те­рі­не жі­бе­­рілді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мақсатында аймақта инвестжо­ба­лар­дың жол картасы әзірленіп, жалпы құ­ны 57,1 млрд теңгені құрайтын 30 жо­баны іске асыру жоспарлануда. Бұл жо­балар өңір экономикасын одан әрі өр­кен­детуге бағытталған.

К.БАЛҒАБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: