Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдерімен онлайн-форматта келіссөздер жүргізіліп, Қазақстанды Оңтүстік Кореяның «Employment permit System» жүйесіне енгізу мәселесі талқыланды. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,—делінген хабарламада.
Кездесуге министрліктің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қатысып, EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ол Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!