Ауыл ақсақалы Әбдіқаппар Искаков таңмен таласа бастау алған сайлау науқанында өз таңдауын жасауға асығып келді. 88 жасты алқымдаған ең қарт сайлаушы әр азамат ел ертеңі, береке-бірлігі мен ауыл тұрғындарының өрісті өмірі үшін дауыс беруге мүдделі екенін жеткізді. Тізгінді қай азамат ұстаса да, ең бастысы ауыл халқының игілігі үшін қызмет етуі керек екенін жасырмады.
Осынша жасқа келсе де елге ортақ науқанда төбе көрсеткен ауыл ақсақалы сайлау өз дәрежесінде өтетініне сенім білдіріп, ақ батасын берді. Қартын сыйлаған қазыналы елдің ұрпақтары ақсақалға шапан шауып, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, ауыл ақсақалы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп, саланың дамуына үлес қосқан. Зейнет жасына дейін еңбектен қол үзбей, кейінгі буынға үлгі болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!