Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 18 қаңтар, 07:09

Есірткіден сақтаған достық

16.01.2025

119

0

Баяғыда бір ауылда Айбар есімді бала өмір сүріпті. Айбар өте ақылды, өнерлі және барлығы жақсы көретін бала еді. Бірақ бір күні ол жаман адамдардың әсеріне түсіп, есірткіге әуестеніп кетіпті.
Алғашында Ерлан бұл заттың зияны жоқ деп ойлады. Бірақ күндер өткен сайын оның өмірі түбегейлі өзгере бастады, мектептегі оқу үлгерімі төмендеді, достары да одан алыстап кетті, тіпті ата-анасының алаңдаушылығын байқамайтын болыпты.
Бір күні Айбар орман ішінде жалғыз қыдырып жүреді. Кенет ол ағаш кәрі үкіні көреді. Данагөй үкі оған жақындап :
– Айбар, неге мұңдысың? – деп сұрады.
Айбар өзінің көңіл күйі болмай жүргенін айтады. Ал Үкі болса балаға қарап былай дейді:
– Есірткі – жаман әдет. Ол сенің денсаулығыңды, болашағыңды бұзады. Бірақ сен әлі бәрін түзете аласың. Мен саған көмектесемін!
Үкі Айбарды өзінің досы – дана досы Барысқа апарды. Барыс Айбарға есірткінің зияны туралы айтып, оны қалай тастау керектігін түсіндірді.
-Қателіктер – бұл өсу мүмкіндігі. Егер сен қателік жасаған болсаң, оны мойындау – алғашқа, әрі маңызды қарам. Егер жаман іс жасалып қойса – ең жақсысы қателікті мойындап, оны түзетуге тырысу.
– Сен өзіңді өзгерткің келсе, алдымен жаман ортадан алыста, шын достарыңа жақында және отбасыңмен бірге бол. Олар саған әрдайым қолдау көрсетеді, – деп Барыс өз сөзін аяқтады.
Айбар ББарыстың ақыл – кеңесін тыңдап, жаман ортадан алшақтап, спортпен айналыса бастады. Ол ата-анасынан кешірім сұрап, мектептегі достарымен қайта жақын бола бастады.
Осылайша Айбардың өмірі жақсылыққа өзгерді, ал ауылдағы балалар оның батылдығы мен даналығын үлгі етті.
Сабақ: Есірткі – адам өмірін бұзатын жаман әдет. Адал достар мен отбасың әрқашан сені дұрыс жолға бағыттайды.

Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінің
8 «б» сынып оқушысы Болат Қарақат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: