Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:18

ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

20.09.2023

205

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Еркебұлан Мақсұтов және Ерлан Боранбаев денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесті.
Келелі кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты дәстүрлі Жолдауында басымдық берілген реформаларды насихаттау.

Ел Президенті қашанда халықтың әл-ауқатын көтеруге баса мән беріп келеді. Кешегі саяси құжатында да ел экономикасын жоғарылатудың бірден-бір жолы қазақстандықтардың табысын арттыру екенін жасырмады. Алдағы жаңа жылда төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды. Еліміз бойынша 400-ге жуық аурухана салынатын болса, ауданымызда екі дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр. Мырзабай ахун және Аламесек ауылдық округтерінде жыл соңына дейін жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылады. Бұнан бөлек, дәрігерлердің айлығы жыл сайын біршама көтерілді. Бұл дәрігерлерге жасалған оң көзқарас деп білемін – деді Ерлан Боранбаев.

Өткен жылдардағы саяси реформалар, олардың нәтижелері, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жобалар қозғалды. Жолдауда еліміздің демографиялық ахуалының және ұлт саулығының оң өзгерістері туралы айтылды. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам сәби дүниге келіп, халық саны жыл соңына дейін 20 миллионға жетеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, өмір сүру ұзақтығы 74 жастан асты. Бұл өз кезегінде ақ халатты абзал жандардың еңбегі де бар екені жасырын емес. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін «Қарызсыз қоғам» жобасы, төмен пайызда несие беру «Ауыл аманаты» жобасы, мақсатсыз пайдаланылмай жатқан жерлерді үкіметке қайтару «Жер аманаты» жобасы бар. Бұл жобалардың барлығы «AMANAT» партиясының бастамасымен құрылған. Қазіргі күні ауданымыз бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында төмен пайызда несие алу бойынша өтінімдер қабылданып жатыр, ал 13 000 га мақсатсыз пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша жоспар бекітілді – деді Еркебұлан Мақсұтов.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: