Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:17

ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ – ПАРТИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ.

24.07.2023

377

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның және партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан шаралар туралы таныстырды.

«AMANAT» партиясы қызметінің саяси Тұғырнамасына сәйкес бүгінгі таңда нақты да бір әлеуметтік топтармен жүргізілетін жұмыстар түбегейлі түрде жаңарып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына, көрнекті нәтижелерге сүйене отырып құрылған. Осы орайда, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының атқарар рөлі артып отыр. Ағымдағы жылы өткен сайлауда депутаттық корпустың құрамы 66,6% жаңарды, Жалағаш аудандық маслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясында 9 депутат бар.

Жаңа құраммен жасақталған фракция мүшелерінің алдында тұрған маңызы зор міндеттің бірі – партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға атсалысу.

Фракция құрамы жасақталған алғашқы күннен бастап сайлаушыларға берген уәделердің орындалу тетігі қарастырылған сайлауалды бағдарламаны іске асыру мәселесі баса назарда.

Жол карта бағдарламаны іс жүзінде тиімді іске асыру үшін «Аймақ экономикасын дамыту», «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру», «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» секілді 5 бағытқа топтастырылып, бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер ескерілген.

Бүгінгі күні партияның сайлауалды бағдармаласында қамтылған Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы, Мырзабай ахун және Аламесек ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулатория құрылысына партиялық бақылау бекеттері орналастырылды. Яғни, аталған нысандардың сапалы және уақытында аяқталуы партияның бақылауында болады.

Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту тармағына сәйкес «Самара-Шымкент-Мәдениет-Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу, «Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент-Ақсу» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолын орташа жөндеу және Жалағаш кентінің 11 көшесіне күрделі жөндеу, М.Шаменов ауылының 1 көшесіне күрделі жөндеу, Аққұм ауылының 1 көшесіне күрделі жөндеу, Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау тармағы бойынша жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыру үшін жағдайлар жасау «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісім шарты» жобалары және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бойынша 280 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде: Алғашқы жұмыс орнына -7, Жастар практикасына -27, Ұрпақтар келісім шартына-1, әлеуметтік жұмыс орындарына -9, Қоғамдық жұмысқа – 236 жас жолданды. Жыл басынан бері 4 рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бүгінгі күні жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызды құрап отыр.

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы сайлаудан кейін 3 рет отырыс өткізіп, 11 мәселе қарады. Қаралған мәселелер бойынша тиісті атқарушы органдарға ұсыныстар жолдап, орындалуы бойынша фракция өз назарына алды.

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың өзекті мәселелері, экономиканың өсу қарқындарын жетілдіру, елді мекендер инфрақұрылымын әрі қарай дамыту мәселелері әрқашан депутаттық фракцияның басты назарында болатынын тілге тиек етті.

Жалағаш аудандық мәслихаты депутаттарының партиялық фракциясы сайлаушылар жүктеген сенімді ақтап, алға қойылған бар міндетті орындайтыны ақиқат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: