Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:17

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

11.12.2023

215

0

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!!!

📌Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен 9-14, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады, ауаның температурасы түнде -20-25 0С, облыстың солтүстігінде -29 0С аяз, күндіз -15-20 0С, облыстың оңтүстігінде -10 0С аяз күтіледі.

📌Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-9 сынып оқушылары 12 желтоқсан күнгі сабақтарын қашықтықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.

📌Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды.

📌Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: