Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 18 мамыр, 08:43

ХАЛЫҚПЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

29.11.2023

173

0

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат депутаттарының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы халық алдында есеп беру кездесулері бүгін Аққыр,Жаңаталап,Т.Жүргенов,Мәдениет, Мырзабай,Аққұм ауылдық округтерінде өткізілді.

Кездесулерде Жалағаш аудандық мәслихатының жұмысы осы жылдың 30-шы наурызында өткен бірінші сессиядан басталғандығы, содан бері 3-кезекті, 6-кезектен тыс, барлығы 9 сессия өткізіліп, 79 мәселе қаралғандығы, аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының 16 отырысы өткізіліп, 86 мәселе қаралғандығы және негізгі тақырыптар бойынша қысқаша шолу жасалды.

Сондай-ақ, аудан көлемінде атқарылған және атқарылып жатқан жобалар туралы айтылды. Халық қалаулылары аудан көлемінде салынып жатқан жол, ғимарат, көпір және басқа да құрылыстардың сапасына байланысты объектілердің басына барып зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті сала басшыларына өз ұсыныс пікірлерін жеткізіп отыр.

Сондай-ақ, депутаттар өздеріне бөлінген округтерінде сайлаушылармен кездесіп, атқарушы билікпен бірге әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуын, сайлауалды бағдарламасында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауда ұстап келеді. Есепті мерзім ішінде депутаттардың сайлаушыларды қабылдауы барысында барлығы 129 өтініш түсіп, оның 57-і орындалған, қалғандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Алғашқы кездесу Аққыр ауылдық округінен басталды. Елді мекенде тұрғындар тарапынан аяқ су мәселесі,ауылдық клуб ғимаратын салу, емхананың интернет желісінің күші аздығы айтылып өтсе, Жаңаталап елді мекенінде ауыл тұрғыны Р.Мусаев жедел жәрдем көлігінің және ,емханаға дәрігер қажет екені айтып өтті. Т.Жүргенов елді мекенінде болған кездесуде ауыл тұрғыны Н.Атырауова инва такси талапқа сай болмауын атап айтса, электр желілеріне жөндеу жұмыстары қажет ететінін,жедел жәрдем көлігінің жаңалау сынды мәселелер қозғалды. Мәдениет ауылында ауыз су мәселесі, жарық мәселелері шешілген. Ауыл халқы аяқ су мәселесін атап өтті. Кездесуден кейін Мырзабай елді мекенінде болып, ауыл тұрғындарымен кездестік. Ауылдың жастары баратын мәдени ошақтың болмағаны на ауыл үлкендері ұсыныстарын жеткізді.

Аққұм ауылында биылғы Жастар,Аққұм көшелері күрделі жөндеуден өткізіліп, қалған 8 көше өтпелі бағытында 2024 жылы аяқталады деген жоспарда бар. Сонмен қатар ауылдан шыққан азаматтардың демеушілігімен А.Бисенов атындағы 38 орта мектебіне жылы жай салынып берілді.Аққұм ауылының тұрғындарынан түскен мәселе А.Бисенов атындағы 38 орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу керектігін атап өтті.

Аудандық мәслихат депутаттарының халық алдында есеп беру кездесулері басқа ауылдарда жалғасатын болады.

АЙТЖАНОВА Гүлжайна,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: