Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 06 қараша, 13:14

Халықпен кездесу – мәселелердің шешім табуына оң әсерін тигізеді

19.06.2024

476

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қайрат Досымов, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Әбіғани Шадаев Қаракеткен ауылдық округінде болып халықпен кездесіп, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Қаракеткен ауылында болған кездесуде тұрғындарға атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар ауылда 2023 жылы ескірген электр желілерін жаңартуға республикалық бюджеттен тиісті қаражаттың бөлінгендігін, жұмыстың қазіргі күні тоқтап қалғандығын айтты. Аталған жұмыстарды аяқтауға ықпал жасауын өтінді. Жаңа электр желісін тұрғындарға маусым айының аяғына дейін қосып беру жұмыстары жүргізетіндігін түсіндіріп өтіп, мәселе бақылауда болатындығын айтты.

Қазіргі күні Қаракеткен ауылында жеке кәсіпкер Қиланов Бердібектің демеушілігімен балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары бастау алды. Аталған оң жұмысға партия филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы алғысын айтып, әрбір бастамасына сәттілігін тіледі.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Қаракеткен және Далдабай Жылтынов ауылының тазалық жұмыстары, спорт алаңдарының жай-күйі және жаңадан салынатын дәрігерлік амбулатория жұмыстарымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: