Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 17:17

Кадрлық өзгеріс:
Қос бөлімнің басшылары тағайындалды

27.01.2024

316

0

Бейсенбіде аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиында Ардақ Әбдіғаппарұлы кадрлық өзгерістерге тоқталып, әріптестеріне қос бөлімнің жаңа басшыларын таныстырды.

Айта кетейік, «Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік қызметі ту­ралы» ҚР Заңына және конкурстық ко­миссияның шешіміне сәйкес, аудан әкімінің өкімімен Нұрсұлу Маратқызы аудандық экономика және қаржы бө­лімінің басшысы лауазымына та­ғайын­далды. Ауданның экономика са­ласында өзіндік қолтаңбасы бар бі­лікті маман еңбек жолын 2001 жылы «Нау­рыз Банк Қазақстан» аудандық фи­лиалында бастаған. 2003-2005 жыл­дары «Облыстық сәулет-жоспарлау орталығы» аудандық еншілес мемле­кеттік кәсіпорнында бухгалтер, 2005-2006 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінде жетекші ма­ман, 2006-2011 жылдары аудандық қаржы бөлімінде бас маман, сектор мең­геруші, 2011-2023 жылдары аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
Былтырдан бері аудандық эко­но­мика және қаржы бөлімі басшы­сы­ның орынбасары қызметін атқарған ол енді осы бөлімнің тізгінін қолға алды. Ардақ Әбдіғаппарұлы салаға са­налы ғұ­мырын сарп еткен білікті кадрдың ал­дағы уақытта да аудан эко­но­ми­ка­сына серпін беретініне сенім біл­діріп, қызметіне сәттілік тіледі.


– Осы біліміңіз бен тәжірибеңіз арқылы бюджет қаражатын дұрыс жос­пар­лап, оның тиімді жұмсалуын, аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізуді, аудан әкiмiнiң iс-қимыл жос­парын әзірлеп, сондай-ақ негізгі мак­ро­экономикалық көрсеткіштердің орын­далуын қамтамасыз етуді тап­сы­рамын. Сонымен қатар аудан бо­йынша мемлекеттік сатып алудың мо­ни­торингісін жүргізіп, коммуналдық мү­лікті басқару, оны қорғау жөніндегі шара­ларды тиімді жүзеге асыруыңыз қажет. Өзіңіздің мемлекеттік қызмет­тегі, оның ішінде басқарушы лауазым­дардағы тәжірибеңіздің арқасында функ­ционалдық міндеттеріңізді кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін, – деді аудан әкімі.
Актив отырысында аудандық құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы бө­лімінің басшысы да белгілі болды. Аталған бөлімді бұдан былай Ға­лым­жан Қайназаров басқарады. Еңбек жолын мемлекеттік сәулет-құ­ры­лыс ба­қылау басқармасының шаруа­шы­лық жөніндегі меңгерушісі болып бас­таған ол 2011-2015 жылдары об­лыс бойынша Мемлекеттік сәулет-құ­рылыс бақылауы және лицензиялау депар­таментінің инспекторы, бас инспек­торы, 2017-2018 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-ин­спек­торлық жұмыс және аймақ­тық даму бөлімінің маманы, 2018-2020 жыл­дары облыстық Мем­ле­кеттік сәу­лет-құрылыс бақылау басқарма­сы­ның Мемлекеттік сәулет-құрылыс ба­қы­лау инспекциясының бөлім басшы­сы, 2020-2021 жылдары Сырдария ау­дандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нис­трлігі Құрылыс және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау мен аттес­тат­тау­ды мониторингілеу және бақы­лау басқармасының сарап­шысы-мемле­кет­­­тік құрылыс инспекторы қызметтерін абы­роймен атқарған. Сондай-ақ Қы­зы­лорда қаласы әкімі аппаратының ұйым­дастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда қала­сының тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас­шысы, 2022 жылдан бүгінге дейін Қы­зылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қор­­ғаныс және құқық қорғау орган­да­рымен байланыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жиында Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Құлмахан бұл саланың үлкен жауапкершілікті қажет ететінін қаперге салып, білікті маман­ның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Ауданда бұл саланы басқарған азаматтар артында үлкен із қалдырды. Осыдан бірнеше жыл бұрын салынған үлкен ғимараттар бар. Олардың әлі күнге дейін сапасының сыр бермеуі сол кездегі сала қызметкерлерінің жұ­мысқа жауапкершілікпен қарағанын аң­ғартады. Жаңа еңбек жолыңмен та­­ныстық, бірқатар салада қызмет ат­­қардың, алдағы жұмысыңа сәт­тілік тілейміз. Аға буынның ізін жалғап, ау­данның ажарын айшықтап, қажетіне жа­­райтын нысандардың бой көтеруіне қыз­­мет етеді деген сенімдемін, – деді ол.


Мұнан кейін Ардақ Әбдіғаппарұлы да ауданда биыл салада бірқатар жоба қолға алынатынын жеткізіп, мейлінше олардың сапасы жіті бақылауда болуы қажеттігін қаперге салды.
– Мырзабай ахун, Мақпалкөл, Ала­месек ауылдық округтерінде электр желілерінің жөндеу, халықтың әлеу­меттік жағынан осал топтарына тұр­ғын үй қорынан 5 тұрғын үй сатып алу, Жалағаш кентінің бас жоспарына және Бұқарбай батыр, Мәдениет, Есет батыр елді мекендердің дамыту және салу схемаларына түзетулер енгізу, сондай-ақ Жалағаш кентіндегі құрылыс салынған аумағындағы жерасты және жерүсті инженерлік желілерін түгендеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атал­ған жұмыстарға бюджеттен тиісті қа­ражат бөлінген. Ендігі кезекте осы жұмыстардың сапасына қатаң бақы­лау орнатып, мерзімінде аяқтау жө­нінде қажетті шаралар қабылдауды тап­сырамын. Бұл жұмыстарды атқа­руға біліміңіз де, тәжірибеңіз де жеткі­лікті деп есептеймін, – деді Ардақ Ибраимов.


Ерлан ӘНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: