Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 00:36

Кадрлық өзгерістер таныстырылды

26.01.2024

793

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив отырысының күн тәртібіне сәйкес кадрлық өзгерістер таныстырылды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Маратқызы Нұрсұлу аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрсұлу Маратқызы, 1980 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, «Бухгалтерлік есеп және экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «Наурыз Банк Қазақстан» Жалағаш аудандық филиалында кассир болып бастаған.

2003-2005 жылдары «Облыстық сәулет-жоспарлау орталығы» Жалағаш аудандық еншілес мемлекеттік кәсіпорнында бухгалтер;

2005-2006 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінде жетекші маман;

2006-2011 жылдары аудандық қаржы бөлімінде бас маман, сектор меңгеруші;

2011-2023 жылдары аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2023 жылдан бастап осы кезге дейін аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Қайназаров Ғалымжан Алекбарұлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Алекбарұлы, 1987 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары, «Жол қозғалысы мен тасымалдауды пайдалану және ұйымдастыру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының шаруашылық жөніндегі меңгерушісі болып бастаған.

2011-2015 жылдары Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментінің инспекторы, бас инспекторы;

2017-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің маманы;

2018-2020 жылдары Қызылорда облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясының бөлімі басшысы;

2020-2021 жылдары Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының сарапшысы – мемлекеттік құрылыс инспекторы;

Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2022 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

«Нұрсұлу Маратқызы, бөлімнің функцияларын Өзіңіз жақсы білесіз. 19 жылдық тәжірибеңіз бар.

Осы біліміңіз бен тәжірибеңіз арқылы бюджет қаражатын дұрыс жоспарлап, оның тиімді жұмсалуын, аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізуді, аудан әкiмiнiң iс-қимыл жоспарын әзірлеп, сондай-ақ, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Сонымен қатар, аудан бойынша мемлекеттік сатып алудың мониторингісін жүргізіп, коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды тиімді жүзеге асыруыңыз қажет.

Өзіңіздің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде басқарушы лауазымдардағы тәжірибеңіздің арқасында функционалдық міндеттеріңізді кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін.

Ғалымжан Алекбарұлы, Өзіңіздің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде құрылыс саласындағы мол тәжірибеңіз арқылы жұмысыңызды кәсіби деңгейде атқарады деп сенім білдіремін.

Биылғы жылы ауданда Сіздің бөлім арқылы бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылатын болады.

Оның ішінде, Мырзабай ахун, Мақпалкөл, Аламесек ауылдық округтерінде электр желілерінің жөндеу, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үй қорынан 5 тұрғын үй сатып алу, Жалағаш кентінің бас жоспарына және Бұқарбай батыр, Мәдениет, Есет батыр елді мекендердің дамыту және салу схемаларына түзетулер енгізу, сондай-ақ, Жалағаш кентіндегі құрылыс салынған аумағындағы жер асты және жер үсті инженерлік желілерін түгендеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстарға бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Ендігі кезекте осы жұмыстардың сапасына қатаң бақылау орнатып, мерзімінде аяқтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын. Бұл жұмыстарды атқаруға біліміңіз де тәжірибеңізде жеткілікті деп есептеймін»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: