Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 20:14

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ӨТТІ

28.11.2023

356

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Кеңестің бірлескен көшпелі отырысы болып өтті. Аталған отырысты облыстық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Нәлібаев Мақсұт, облыстық партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Базара Танбаева, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарлары, аталған аудандардың аудандық прокурорының орынбасарлары, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, Партиялық бақылау комиссиясының төрағалары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшылары және сала мамандары қатысты.

Аталған отырыстың күн тәртібінде Партиялық бақылау бекеттерінің жұмысы туралы және аталмыш филиалдардағы партиялық бақылауды ұйымдастыру, ішкі партиялық тәртіпті нығайту туралы Партиялық бақылау комиссия төрағаларының есептері, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысындағы құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі, сонымен қатар аудандардағы тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысы саласындағы жобаларды іске асыру және «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасының орындалу барысы талқыланды.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру кезек күттірмейтін міндет екенін бәріміз жақсы білеміз. Себебі онда қарапайым халықтың өмір сүру қағидасына қатысты қажеттіліктер толық қамтылған. Осы бағдарламаға алға қойған мақсаттар бүгінде орындалуы тиіс. Себебі бұл саяси науқан кезінде халыққа берілген уәделер – деді Мақсұт Ыбрайханұлы.

Аудан бойынша құрылыс саласындағы қызметкерлер арасынан сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық фактісі туралы аудандық прокуратурасы прокурорының орынбасарлары айтып өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағыты бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: