Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Бейсенбі, 28 қараша, 12:43

Күре жолға 150 тонна тұз аралас құм себілді

22.02.2024

406

0

Бүгін өңірдің басым бөлігінде қар жауып, «Самара-Шымкент» тасжолында көктайғақтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар күре жолдың 1702-2056 шақырым аралығында (Жалағаш, Сырдария,  Шиелі,  Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы аумағында) тайғаққа қарсы материал себілді. Оған «ҚазАвтоЖол» компаниясына қарасты «КАЖсервис» ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалынан14 арнайы техника мен 6 тиегіш көлік жұмылдырылып, жол бойында 50 жуық адам тынымсыз еңбек етуде. 

«Қазіргі таңда жолға 150 тоннаға жуық құм-тұз араласқан материал себілді. Жағдай бір қалыпты.  Жолда шектеулер орын алған жоқ.  Көлік қатынасы екі бағытта да кедергісіз жүріп жатыр»- дейді «КАЖсервис» ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев.

6f223aaf-a2f0-4f88-be8c-42e308bb8485.jpg
cb6b381c-69db-40e4-b234-179c6199d010.jpg
c7259947-6b53-4d4d-ae91-4a6f80e6c90d.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: