Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:13

М.Шәменов ауылында мониторинг жұмыстары жүргізілді

19.06.2024

375

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қайрат Досымов, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Әбіғани Шадаев М.Шәменов ауылында болып, жол құрылысы және газдандыру жұмыстарымен танысты.

1,3 шақырым құрайтын аудандық маңызы бар М.Шаменов ауылына кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат қаралып, «Алем Транс жол» ЖШС тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда жолға құм аралас тас төсеу жұмыстары аяқталды. Асфальт төсеу жұмыстары жақын арада басталатын болады. Жұмысты аяқтау мерзімі қыркүйек айы.

Шаменов елді мекенінде тартылатын газ құбырын және газ тарату желілерін салу жұмыс жобасы бойынша мердігер мекеме «АЭЅ and Limited» ЖШС жеңімпаз болып, келісім-шарт рәсімделді. Аталған жоба бойынша жұмыстар 2023 жылдың 29 тамыз айында басталды, аяқталу мерзімі 2024 жылдың 29 желтоқсанына дейін. Газ құбырының жалпы ұзындығы 29,5 км құраса, бүгінгі күнге дейін жалпы газдандыру жобасы бойынша жұмыстарды 95 % орындалды. Атап-айтқанда: газ құбырының жалпы ұзындығы 29,5 км газ құбыры (100%) толығымен тартылды, тұрғын үйлер мен мекемелерге газ құбырына қосылу нүктелері шығарылды– 241 нүкте, автожолдардан газ құбырын бұрғылау арқылы өткізілді, жер асты газ құбырларына крандар орнатылды. Сонымен қатар, жергілікті жерден 8 адам жұмысқа тартылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: