Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 1 бала көз жұмған. Оқиға 2 қыркүйек күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәлімдеуінше, сағат 16:04-те Түпқараған ауданы, Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында келе жатқан Toyota Estima автокөлігінен өрт шыққан. Жалын 16:27-де сөндірілген.
Lada.kz жазуынша, оқиға орнында бір бала қкөз жұмған. Ал 7 адам, дәлірек айтқанда төрт ересек пен үш бала ауруханаға жатқызылған. Екі баланың жағдайы тұрақты, үшінші бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!