Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 02:01

МИНИСТР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

30.11.2024

487

0

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.
Бас мердігерлер – «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «ПромстройсервисЕ», «Абу-Сер», авторлық қадағалаушы – «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды көрді.


Сыр өңірінде мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу межеленген. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден өткен жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: