Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:07

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

12.01.2024

341

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия алаңында аудан көлеміндегі дара кәсіпкерлерге мобильді аударымдар бойынша семинар-кеңес өтті.
Аталған кездесуге Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Руслан Байғазиев, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиал директоры Балмаханов Асылхан, Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Садықов Нұрлыбек және партия филиалының консультанты Кенжебаев Ахан қатысты.

Басқосуда кімнің шоттары тексерілуге жататынын және олар үшін қандай критерийлер белгіленгені жөнінде Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Руслан Байғазиев хабарлама жасап, кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау өлшемшарты жеке тұлғаның үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа 100-ден аса аударым болып табылады. Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай отырып және қабылдай алады – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар табыс алуға бағытталған аударымдар, жалпыға бірдей декларация, кассалық аппарат және заң аясында көзделген мобильді аударымдардың шектеулеріне қатысты сауалдарын жолдап, сала басшысы тарапынан толыққанды жауаптарын алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: