Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы мониторинг жұмысшы топ құрамы Жалағаш кентіндегі дәріханалардағы дәрілердің бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Басты мақсат –бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін және дәрмек бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізу.
Мониторинг жұмыстары барысында кәсіп иелеріне белгіленген шектік бағадан асырған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңдарына сәйкес тиісті шаралар қолданылатындығы туралы заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
13.08.2022
387
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!