Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Жұма, 03 мамыр, 15:07

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

25.08.2023

333

0

🔷Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы жаңа оқу жылы қарсаңында Жалағаш инсдустриалды аграрлық колледжінің жатақханасы мен М.Шәменов ауылындағы жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

🔷Аталмыш колледж жатақханасының ауданы 253,2 кв/м құрайтын 1968 жылы салынған бұрынғы «әуез мектебі» қазіргі студенттік жатақхана. Жаңа оқу жылы қарсаңында жай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жатақхана 1 қабат (1 этаж), оқу ғимаратынан бөлек орналасқан. Білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінен арнайы қызметкер бөлінген, жатахана іші және сыртына камера қондырылған, санитарлық тазалық жағдайына 1 еден жуушы және 1 киім жуушы жауапты. Жатақхана 50 студентке арналған. Қазіргі таңда студенттер тиісті құжаттарын дайындау үстінде. Өрт қауіпсіздігін алдын – алу мақсатында өрт дабылы қондырғысы және арнайы жуыну бөлмесі қарастырылған. Білім алушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында жатақхана жанында «Наркескен» спорт клубы орналасқан білім алушылар сол жерде бос уақытын өткізе алады.

🔷Партиялық бақылау комиссиясының мониторинг жұмыстары М.Шәменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін жөндеу жұмыстарына жалғасты. Аталған жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен яғни, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 64,115 млн теңге қаржы қаралып, «Қызылорда жолдары» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған көшені жөндеу жұмыстары сайлау науқаны уақытында сайлаушылардан ұсыныс ретінде түсіп, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Көшенің сапалы және уақытылы аяқталуы партияның назарында болады.

🔷 Бүгінгі жүргізілген мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қанбибі Асқарова, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытбек Жүргенбаев қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: