Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-14°C

, Жексенбі, 04 желтоқсан, 03:23

Облыс әкімі: Вегетация кезеңінде суды тиімді пайдалануға жете мән беру керек

02.03.2022

105

0

Көктемгі вегетациялық кезеңде су деңгейінің төмендігі салдарына қарай әрекет ету үшін өңірде қажетті қадамдар жасалуда. Бұл ретте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Роллан Ахметов негізгі мәселелерді баяндап, су тапшылығы мәселесіне қажетті алдағы атқарылуға тиіс жұмыстарды тізбеледі.

Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 100 м3/с жіберілсе, өткен жылы осы кезеңде Шардара су қоймасынан 200 м3/с тасталып, 100 м3/с Көксарай су реттегішіне жіберілді. Егерде Шардара су қоймасында 4,56 млрд. текше метр жинақталса, өткен жылмен салыстырғанда 405 млн.текше метрге артық. Дегенмен, Көксарай су реттегішіне су жинақталған жоқ.
Облысқа 137 дана насос алуға сұраныс жасалып, 22 ұңғыма тазаланады. Оның ішінде 67 дана насос қондырғысы «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы арқылы іске қосылады. Атап айтсақ, Жаңақорған ауданына – 7, Шиелі ауданына – 12, Қызылорда қаласына – 5, Сырдария ауданына – 15, Қармақшы ауданына – 9, Қазалы ауданына 4 дана насос қондырғысы арқылы қашыртқы жүйелерінен ішкі каналдарға қосымша су беру қарастырылуда.

Сондай-ақ, Үкіметтік резерві есебінен облыс бойынша 17 каналға механикалық тазарту жұмыстары жоспарлануда.
Аймақ басшысы егістікке су беру кезінде шаруаларға суды үнемдеу жолдарын жеткілікті деңгейде түсіндіріп, ортақ мәселеде тиімді шешім қабылдау қажет екенін алға тартты.

Вегетация кезінде келетін су көлемін нақтылаған уақытта кезекпен су беру жұмыстарын мобильді түрде ұйымдастыру қажет. Насос қондырғыларын орналастыратын жерлерді белгілеңіздер. Елді-мекендердегі шаруа қожалықтарды аралап, су тапшылығы жағдайында суды үнемдеу туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын іске асырыңыздар, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: