Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Дүйсенбі, 17 маусым, 09:32

Облыс әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтауы

01.03.2023

257

0

Қадірлі жерлестер! Құрметті Сырбойылықтар!

Берекесі мен бірлігі жарасқан барша Сыр жұртшылығын көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі – «Алғыс айту күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – табиғаттың ояну уақытымен, жаңа үміттермен сәйкес келетін, ұлттық ынтымақтастық пен жерлестердің бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігін көрсететін көзайым күн.
1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының – келісім және этносаралық өзара ықпалдасу институтының құрылған күні.
Әуелден «Сыр – Алаштың анасы» атанған, тарихы терең, келешегі кенен қасиетті мекен. Құшағына құт қонған, ынтымағына ырыс тұрған текті топырақ бөтенді бөлмей, бауырына баса білді. Тағдыр-тауқымет кешкен талайға пана болып, мейірбан мінез танытқан мерейлі халқыма әрқашан алғыс айтамын.
Кең пейіліне кемеңгерлік рух сыйлаған, ерінбей еңбек еткен маңдай теріне молшылық тоқтаған, ыстық жүрегіне ымырашыл ниет, жомарттық сезім ұялаған, сенімі жойылмаған салиқалы еліммен әрдайым мақтанамын.
Халқымызға тән асыл қасиеттер – туыстық тату, асқақ абырой, шынайы әділдік, құрмет пен ізгілік мәңгілік салтанат құрсын деп тілеймін.
Әрбір шаңырақта шаттық шалқып, бірліктің бесігі тербелген берекесі таси берсін!
Мереке құтты болсын! Баршаңызға мың алғыс!

Ізгі ниетпен, Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: