Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 16:15

Өндірісі өрге басқан «Өркен әлем»

05.07.2024

248

0

Бүгін Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбенов Мұрат Жалағаш ауданында іс-сапармен болып, «Өркен Әлем» ЖШС жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Өркен-Әлем ЖШС» Жалағаш кентіндегі «Серпін» индустриалды аймағында орналасқан. Негізгі қызметі – арнайы әскері киім тігумен айналысады. Аталған цех қазіргі таңда броньды кеудеше, әскери далалық палатка, парашют, газтұтқыш, каскаға арналған бүркеме, әскери каска және арнайы әскери киімдер тігеді. 60-қа тарта қызметкері бар цехте әскери киімдер тігіп жатқан бұйымдардың сапалылығы, еңбекақылары уақытылы, сондай-ақ, жылы да жайлы шеберханада жұмыс жасауға барынша қолайлы жағдай жасалған. 2017 жылы іске қосылған цех бүгінгі күнде жұмыс қарқындарын үдетуде.

Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбенов Мұрат отандық өнім шығарудағы жұмыстарына сәттілік тілеп, оң бағысын берді. Сонымен қатар, цех қызметкерлері көкейкесті мәселелерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: