Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 22:20

Өнер мектебі – шығармашылық ордасы

21.11.2023

691

0

Сыр елі өнердің мөлдір бұлағы болса, оның ішінде Жалағаш – ұлттық салт-дәстүрін, ән-күйі мен жыр-термесін қайнар бұлағына сақтап қана қоймай, дамытып келе жатқан аудан. Бауыржан Момышұлы айтқандай, өнер – адамның рухани азығы, халықтың бүгіні мен келешегі, арманымен қиялы, жалпы болмысы. Жас жеткіншектерді өнерге баулып, үлкен өмірге қанат қағуына аудандық өнер мектебінің қосқан үлесі зор. Талай жастың талабын ұштап жүрген өнерлі орданың бүгінде бағындырған белесі көп.

Оқушы­лардың дарын­ын ұш­тап, бос уақыт­ын тиімді пайда­ланып, шы­ғар­ма­шылық қабілетін арт­ты­руда өнер мектебі 1971 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатыр. Сырт көзге шағын мектеп болып көрінгенімен, ішкі қызу жұмыстары ондағы ұстаздар мен оқушыларға ғана мәлім.
Былтырдан бастап еңсесі биік, жылы әрі жарық, жаңа ны­сан­ға қоныс аударған өнер ұжы­мын­да қазіргі таңда 8 арнайы класс бойынша 15 мұғалім жұмыс жасайды. Олар домбыра, хорео­графия, баян, прима, қобыз, бас домбыра, дәстүрлі ән салу, домра-прима, флейта кластары бойынша кенттегі және аудан орталығына жа­қын орналасқан ауылдардан келетін 131 оқушыны өнерге баулиды. Өмірін өнермен байланыстырған өрендер мұнда өзі қалаған аспабы бойынша 5 жыл білім алып, таңдауы бойынша аспап, теориялық пән­дер қатарындағы соль­феджио, музыка әдебиеті, хор және ан­сам­бль сабақтарына қатыса ала­ды. Мектепте арнайы аспап клас­тарымен қатар акт залы, ды­быс жазу студиясы, теория­лық пәндер, ансамбль каби­­­неттері қарастырылған. Ди­­рек­торы Рақымбет Төлегенұлы­­ның айтуынша, 2022-2023 оқу жылы өнер мектебі табыс­ты бол­ған. Себебі бұл оқу жылында жарысқа барған бала­лар жүл­­десіз қайтпапты. Олар облыс­тық «Бозторғай» бала­лар шы­ғар­машылығы бай­қауын­да, «Ақ шағала», «Қайнар бұлақ» хо­рео­графиялық фес­ти­валь-бай­қауында, «Күй таби­ғаты» бай­қауында үздіктер қа­та­ры­нан көрінген. Сондай-ақ рес­­публи­калық «BALA Fest» және «Жас жұлдыз» байқауынан бас жүлде иеленсе, «Астана-Арай», «Hello Winter Fest», «Әлем­­ді аялаған – Ана!», «Мәңгі жаса, жаңғырған ұлы далам», «Атадан мұра» атты байқау­лардан да ал­ғашқы үштіктен кө­рінген. Бұдан бөлек халық­аралық «Бозторғай», «Жеті өнер» VI балалар шығармашылығында, «Жас жұлдыз» өнер бәйгелерінде жүл­делі орындарға лайық деп та­нылған.
Айта кетейік, аудандағы өнер мектебін бітірген оқушылар му­зы­калық колледждерге түсе ала­ды. Себебі мұн­дағы ұстаздар оқушылар білімін музыкалық колл­еджде жалғас­ты­руға ниетті болса, 5 жылдық бі­лімді 7 жылға дейін ұзартуға да­йын екенін, музыкалық кол­ледждің алғашқы курсында ала­­тын білімді тереңдетіп оқы­тады.
– Жалағаш өнер мектебі ауда­ндағы балалар ордасы болып табылады. Жаңа ғимаратқа көш­келі оқушыла­ры­мыздың саны артып келеді. Жалпы ауданда кенжелеп қалған дәстүрлі ән айту өнерін дамыту мақсатында биыл жаңа­дан клас ашылып отыр. Әр класқа әр жастан талантына қа­рай қабылдаймыз. Қазіргі таңда мектепте 131 бала оқып жатыр, бірақ ұжым 200 балаға дейін оқытуға қауһарлы. Ендігі біздің мақсатымыз – үрмелі аспаптар кла­сын ашу, – дейді өнер мекте­бінің директоры Р.Досманов.
«Өнер өмір­шең» демекші, май­талман мамандардан білім алып, іргетасы мықтап қаланған шә­кірттен тү­бінде таудай талант шығатыны бәрімізге белгілі. Мұнда таланты мен талабын ұш­тастырып, өне­рін өмір өзеніне айналдырған өрендердің көзінен үлкен жеңіске деген құлшынысты көрдік. Өнер ордасында болған бір сағат уақыттың ішінде балалар бізді бойындағы дарыны мен талантына тәнті етті.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: