Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:12

«ORDA келбеті» байқауының жеңімпаздары марапатталды

26.10.2023

205

0

Биыл Қызылорда облысына — 85 жыл. Мерейлі мерейтой қарсаңында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ORDA келбеті» байқауы өткізіліп, аймақ тұрғындары туған өлкесің айшықты ажарын әлеуметтік желіде танытқан болатын. Бүгін бір айға созылған онлайн байқау өз мәресіне жетіп, үздік деп танылған жеңімпаздар марапат төрінен көрінді.

Жеңімпаздарды марапаттау құрметі үш мәрте «Алтын домбыра» иегері, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының директоры Мұхтар Ниязовқа және «Qyzylorda» телеарнасының директоры Нұрбек Амишаға беріліп, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен IPHONE ұялы телефондары табысталды. 

«Үздік фото» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын — Айдос Альназаров @alnazarrv

2 орын — Арманбек Сматов @smatovarman

3 орын — Айкерім Болатбекқызы @bolatbekkyzy.aikerym

«Үздік бейнематериал» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын –Диас Дайрабеков @dairabekov_dias

2 орын –Дәулетхан Ақайдаров @dauletkhan_orda

3 орын – Нұржан Каленов @nurzhan_kalen

«Үздік пост» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын — Халилуллаев Фархат;

2 орын  — Ақтөре Ибрагимұлы;

3 орын — Гүлбану Мақажан.

Аймақта бұл бағыттағы байқау алғаш рет ұйымдастырылғандықтан аз-маз кемшіліктер де орын алды. Бірақ оған қарамастан аймақ тұрғындары және жастары байқауға белсенді түрде қатысты. Аймақ тұрғындарына арналған осы бағыттағы байқаулар алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарда бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: