Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:40

Орманды өрттен сақтайық

09.07.2024

163

0

Орман өртінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат тәрбие жұмыстардың түріне мектептерде, клубтарда, сауықтыру орындарында , туристік базаларда және басқа да бұқаралық мәдени орындарда оқылатын лекциялар, баяндамалар жатады.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман алқаптарын өрттен қорғау жөнінде жиі айтып отыру керек. Әсіресе, өмірден алынған мысалдарды келтіре отырып,  газет, радио, теледидар арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін көпшілікке түсіндірудің маңызы зор.  Бұл ретте деректі кинофильмдер де үлкен әсерін тигізер еді. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде түрлі түсті плакаттар, хабарламалар арқылы өрттен сақтандырулар шаралары жасалған. Алайда осыларды орман маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз.Жоғарыдағы айтқанымыздай, ормандардағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе орманның ішінде өрттің көзі жоқ. Рас, ормандардың жануы кейде найзағайдан да болады, бірақ өртті орманға негізінен адамдар әкеледі.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: