Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен «Халыққа қызмет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партия филиалының мәжіліс залында 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күні қарсанында ауданымыздағы мүгедектігі бар жандармен кездесу өткізілді.
Кездесуде партия филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева партияның «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партияның атқарып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне облыс бойынша ауданымыздан Орынбек Шайғанбетов қатысқанын мақтанышпен айтып жеткізді.
Сонымен қатар, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмі басшысының орынбасары А.Құрманалиева мүгедектігі бар адамдар үшін берілеті жәрдемақылармен көмектер, жұмыс орындарына квота туралы түсінік құқықтық кеңес жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар өздерінің ұсыныстарын айтты.
Кездесуде партия филиалының алғыс хаттарымен сыйлықтары табысталып, Жалағаш ауданының өнерпаздары әннен шашу шашып, керемет көңіл-күй сыйлады.
Осындай игі шара өткізген «AMANAT» партиясына өз ризашылықтарын білдіріп, қатысушылар атынан Айтпенбетов Дулат ағамыз батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!