Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева «М.Шәменов ауылдық округі» бастауыш партия ұйымында партия мүшесі Кеңескүл Бүркітбайқызының зейнет демалысына шығарып салу салатанатты шарасына қатысты.
Кеңескүл Бүркітбайқызы – білім саласында 40 жылдан аса еңбек етіп, математика пәнінен сабақ берген. Еңбек жолында шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлдегер атанған.
Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партия ардагеріне құрмет көрсетіліп, партия мүшесі ретінде атқарған еңбектеріне тоқтала келе, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева арнайы партияның аудандық филиалы атынан «Алғыс» хаты табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!