Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 08:30

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

25.07.2024

193

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ханбибі Асқарова төрағалық еткен отырыста Мемлекет басшысының Жолдауында туындаған «Жер аманаты» жобасының Жалағаш ауданында орындалу барысы жайлы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және «Ауыл аманаты» жобасының Жалағаш ауданы бойынша орындалу барысы жайлы атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Жалағаш ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің есебі тыңдалды.

Сөз алған Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Б.Байболов 2024 жылы мерзімі аяқталатын жалпы көлемі 4863 гектарды құрайтын 26 жер учаскелеріне талдау жасалғаның, оның ішінде бүгінгі күні жалдау мерзімі аяқталған жалпы көлемі 1810 гектарды құрайтын 14 жер учаскесінің көлемі 1723 гектар болатын 13 учаскеге жалдау мерзімі ұзартылса, көлемі 87 гектар болатын 1 жер учаскесі мемлекет қорына қайтарылды.

2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы бекітілген жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жоспарға сәйкес, Жалағаш ауданы 10000 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы қажет.

Кесте бойынша 2024 жылдың 1 шілдесіне 3000 га қайтарылуы тиіс.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 3730 гектар жерлер мемлекет қорына қайтарылып, жоспар 124,3% орындалғаның жеткізді.

«Ауыл аманаты» жобасының Жалағаш ауданы бойынша орындалу барысы жайлы сөз алған Жалағаш ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Дүйсекеев Жасұлан – Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, ауданда «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.

2023 жылы аудан бойынша «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы мал шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету, өсімдік бағытындағы 179,7 млн теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар ағымдағы жылы «Ауыл Аманаты» жобасына аудан бойынша 318,3 млн. теңгені құрайтын 49 жобаның құжаттары жинақталғанын айтты.

Партиялық бақылау комиссиясының отырысына арнайы қатысқан «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында берілген несиемен атқарылып жатырған жұмыстармен мақсатты жұмсалуына партиялық бақылау комиссиясы зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінен бірқатар ұсыныс-пікірлер беріліп, сауалдар жолданды. Берілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы партия назарында болады.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: