Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жұма, 10 мамыр, 05:01

Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады

08.06.2023

281

0

Астанада Президенттің қатысуымен халықаралық форум басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның негізгі миссиясына тоқталып, оның маңызын айтты, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады:

Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау;

Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау;

Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру;

Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру;

Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту.

«Бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: