Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 06:00

Президент дамудың даңғыл жолын көрсетті

09.10.2022

234

0

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы көптің көңілінен шықты. Бұл туралы Қармақшы аудандық ауруханасының акушері, баспасөз хатшысы Әсем Мерекова айтты. 

Мемлекет Басшысының Жолдауын тыңдай келе мазмұнының өзектілігін атап өткім келеді. Жолдау барлық Қазақстандықтарға қатысты екені сөзсіз. Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамдуың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті.

Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестиция, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң мен тәртіп – Жаңа Қазақстанның бес тұғырына айналмақ. Олардың ішінде «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту көзделіп отыр. Сондай-ақ Президент мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айтты.

Жер және су ресурстарын сақтау – ұлттық қауіпсіздіктің басты міндеті екенін жеткізе отырып, осы ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде жоба жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Мұнымен бірге, білім, бала болашағы, табысты ұлт болудың сатыларына да кезекпен тоқталды. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау қажет екендігін жеткізіп, үкімет және әкімдіктерге мектеп салу міндеттерін жүктеді. Сонымен қатар, жастарға жан-жақты қолдау көрсету мәселесін көтерді. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс берілмек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл жастарға үлкен қолдау болып табылады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бейбітшілік пен тұрақтылықтың мәнін терең түсінетіндігін білдірді. Президент берекелі бірліктен асатын құндылық жоқ екенін айта келе, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Мерекова.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: