Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 17:09

Қаламгерлер құрметке бөленген күн

01.07.2023

264

0

Аудандық басылымның тарихы тереңде. Ғасырға жуық тарихы бар басылым халықтың қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге жүйелі жұмыс жасап келеді. Қашанда билік пен халық арасында алтын көпір бола білген, жаңалық жаршыларының қаламынан туған тың дүниелер, өңірдегі жарқын жобалардан жұртты хабардар етудегі елеулі еңбектері ескерусіз қалмақ емес. 90 жылға жуық тарихы бар «Жалағаш жаршысы» газеті жаңалықтың жаршысы болып, бүгінде өңірдің төл басылымына айналды. Мереке аясында төртінші билік өкілдері аудан әкімі Асқарбек Есжановтың қабылдауында болып, лайықты құрметке ие болды.

Бүгінде газет қаламгерлері – аймақ­та атқарылып жатқан толымды іс­терді өз мақаласына арқау етіп қана қоймай, елдің мұң-мұқтажын да қағаз бетіне түсіріп, билікке жеткізіп жүр­ген алтын көпір. Сүбелі де сүйекті мақалалары арқылы, сөз маржанын терген өлең жолдарымен де бардың бағын асырып, жоқтың жоғын жоқтай білетін ерекше маман иелерінің руха­ният әлеміндегі орны бөлек. Қалам иелеріне жүктелер жүк ауыр. Ол жүк­тің ауыр болары хақ та. Өйткені төр­тінші билік өкілдері қашанда елмен бірге, халықтың жетістігін де, кем-кеті­гін де, жалпы елдегі барлық мәсе­лені көтеріп, тиісті деңгейде, қажет­ті орынға жеткізе алатын да осы қыз­метте жүргендер екені мәлім. Сол үшін Журналистер «билік пен халық арасын­дағы алтын көпірге» теңеледі.


Мереке қарсаңында аудан әкімді­гінде бас қосқан жергілікті ақын-жа­зу­шылар, сала ардагерлері мен бү­гінгі «Жалағаш жаршысы» газетінің ұжымы аудан басшылығының ыстық ықыласын сезінді. Қаламгерлер қауы­мы бұл кездесуде емін-еркін елдің жайын, руханият әлемінің озығын да, то­зығын да ортаға салды. Ақпарат майданында иықтаса қатар жүрген сала қызметкерлерін, осы саланың өр­кендеп дамуына өзіндік үлесін қосып, ғұмырын сарп еткен ардагерлерін кә­сіби мерекемен құттықтаған аудан әкімі Асқарбек Есжанов «Жалағаш жар­шысы» газетінің қашаннан еш­кім­ге ұқсамайтын өз жолы бар екенін жеткізді.
– Сыр өңірі, оның ішінде Жалағаш ауданы – қаймағы бұзылмаған тіл мен рухтың, қазақылықтың қайнаған ортасы. Қазіргі таңда ауданның медиа кеңістігінде аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасап келеді.
Аудандық газет қай уақытта да елдi бiрлiкке шақырып, қиын шақ­тарда елдiң патриоттық рухын кө­терiп, халық шаруашылығын дамы­туға, еңбек қаһармандарын халық ара­сында насихаттауға қызмет етіп, елдің көкейіндегісін айтатын, еңбек­керлердің ерен еңбегін жариялаған басылым бола білді. Қазіргі таңда «Жалағаш жаршысы» газеті – аудан хал­қының басты газеті, барлық тір­­шілікті хабарлап отыратын ай­насы. Аудандық газетте қарымды қа­лам­гер­лер қалыптастырған дәстүр­ді қа­зіргі таңда кейінгі толқын журна­листер лайықты жалғастырып келеді. Ау­дан­дық басылым бетінде елдің мұң-мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып, мемлекет мүддесі, ұлт мұраты мен ұрпақ болашағының маңыз­ды бағыттары жайлы мақала­лар­дың көкжиегі кеңейіп, деңгейі көтерілуде.
Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқа­сын­да халық билікке өз сөзін жет­кізіп отыр. Сіздердің тынымсыз кәсіп­те­ріңізге деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Асқарбек Есжанов.
Мерекелік қабыл­дауда сала ардагерлері тарих енші­сіндегі естеліктерден сыр шертіп, кәсіби мерекенің маңызы мен мазмұнын ашты. Ауданның төл басылымында қызмет еткен ардагерлер кезінде за­­манның әлі дами қоймаған уақы­тында қазіргідей ғылыми техноло­гиялардың жоқтығы былай тұрсын, тіпті газет қызметкерлері айлап ай­лық, жалақысыз да еңбек еткенін жасырмады. Баспахана жұмысының қиындығына қарамастан барлығын еңсеріп шыққан сол кездегі қызмет­керлердің еңбегі кейінгіге үлгі. Сонымен қатар мерекелік жиында сөз алған аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, кезінде «Жалағаш жар­шысы» газетіне басшылық еткен, ау­­­дан­дық алқа билер кеңесінің тө­рағасы Кенжеғара Сүлейменов, Қа­зақстан Журналистер одағының мүшесі Рысбай Кәрімов «Жалағаш жаршысы» газеті аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары ай­қын, аудан жұрты сүйсіне оқи­тын, тамыры тереңнен бастау ала­тын беделді басылымдардың бірі еке­нін атап өтті.
Расында ақпарат айды­нында ғасырға жуық абырой биігінен түспей, кеңінен қанат жайып келе жатқан аудандық газеттің өресі биік. Бүгінгі таңда алдыңғы буынның салып кеткен сара жолын жалғайтын, оқырманның талабына сай жағымды әрі шынайы ақпа­раттардың, тың туындылардың жария­лануына күш салып жүрген ұжым­дағы әрбір қызметкердің еңбегі елеулі. Қаламгерлер қауымы да аудандағы жылт еткен жаңалықты, жарқын жобаларды мақаласына арқау етіп, жалағаштықтардың құнды дүниелерге қанық болуы үшін қызмет етуде.
Мұнан бөлек аудан әкімі Асқар­бек Темірбекұлы ұлт болып ұйы­суға, мемлекет болып ілгерілеуге бағыт­талған елдік шаруаға қосып жатқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтып, сала ардагерлері мен газет қызметкерлеріне арнайы алғыс хат пен гүл шоқтарын және сый-сияпатын табыстады. Сондай-ақ «Жалағаш жар­шысы» газетінің ұжымына арнайы қаржылай сертификат берілді.
Айта кетейік, мереке қарсаңында «Жалағаш жаршысы» газетінің ұжы­мын «Amanat» партиясы аудан­дық фи­лиалының атқарушы хатшы­сы Қан­шагүл Мұстафаева да қабылдап, құрмет көрсетті. Бұқаралық ақпарат құралдары ау­дан­ның әлеуметтік-экономикалық да­муының, бүкіл ты­ныс-тіршілігінің шы­найы жана­шыры, жалынды жаршысы екенін жеткізген Қ.Шоңмұрынқызы бір­қатар қызметкерге ал­ғыс хат пен гүл шоғын табыстады.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: