Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. 2024 жылдың 5 ақпанынан бастап «АМАNАТ» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында республика бойынша 800 мыңға жуық адамның жыл бойы өтетін қаржылық сауатты арттыру курсынан өткізілуі жоспарланған болатын. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Бүгін Жалағаш ауданында аталған партиялық жоба аясында алғашқы оқу басталды. Аталған жобаның мақсаты мен міндеттері туралы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева айтып беріп, ауданымызда ұйымдастырылған алғашқы оқуға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қаржы сарапшысы, оқытушы Умарова Жанна жобаға қатысушыларға қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйрететіні жөнінде айтып өтті.
«Қарызсыз қоғам» – жарқын болашақ
05.02.2024
297
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!