Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 05 мамыр, 09:30

Қазақстан астық экспортын қысқартады

19.10.2023

196

0

 Биыл жиналған астық ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Бұл туралы  мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Жиналған астық ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Экспорт бойынша өнімділік өткен жылмен салыстырғанда төмендігін ескере отырып, ішкі нарыққа әсер етпейтіндей астық экспортын қысқартамыз. Дәстүрлі нарықтарға жеткізуді де қысқартамыз. Қазірдің өзінде келісімшарт бар. Бүгінде жеткізілім жақсы қарқынмен жүріп жатыр, мұнда біз қайта өңдеу өнімдері мен ұнға баса назар аударамыз», – деді Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері вице-министрден астық экспортының қаншалықты қысқаратыны туралы сұрады.

«Биыл біз 5 миллион тонна астық экспортын жоспарлап отырмыз. Бұрын бұл көлем 7-8 миллион тоннаны құраған, бұл орташа жылдық көлем. Квоталар болмайды. Экспортты шектеудің алғышарттары жоқ. Себебі маркетинг маусымы енді басталады. Астық жеткілікті», – дейді министрдің орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: