Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 13:26

Қазақстан Ресейге электр қуатын неге арзанға сатып, кейін қымбатқа алады – KEGOС жауабы

26.01.2024

277

0

Қазақстан Ресейге электр қуатын неге арзанға сатып, кейін қымбатқа алады? Жауабы Қазақпаратта.

«KEGOС» АҚ ұлттық электр желісі жүйелік қызметтер және дамыту жөніндегі басқарушы директоры Нұржан Керімқұловтың айтуынша, Ресейден импортталатын қуаттың негізгі бөлігін майнерлер тұтынады.

«Бізде электр қуаты Ресейден майнерлер мен бірыңғай сатып алушы қажетілігіне қарай импорттайды. Майнерлер 2023 жылы 1 млрд 48 млн КВт\сағ қуат сатып алды. Бірыңғай сатып алушы 1 млрд 778 млн КВт\сағ қуат сатып алды. Бұл келісімшарттар коммерциялық болғандықтан бағасын білмейміз. Былтыр Ресейден 1 млрд 588 млн КВт\сағ қуат сатып алынып, 1 млрд 329 млн КВт\сағ қуаты сатылған. Бұл халықаралық ағындар арқылы жүрді. Орташа бағасы 1 КВт\сағ қуатқа – 19 теңге. Ал біз сататын баға 1 КВт\сағ қуатқа – 6,44 теңге. Бағада айырмашылық бар. Бірақ ол үкіметаралық келісімдер арқылы реттеледі», – деді ол.

Компанияның басқарма төрағасы Нәби Айтжанов баға айырмашылығының неге 3 есегеу жуық екенін түсіндірді.

«Біз Ресей Федерациясынан электр қуатын ең белсенді тұтынатын сағаттарда сатып аламыз. Ресейде де теңгерім нарығы бар. Яғни, электр қуатының тарифі сағаттарға жіктелген. Қауырт сағат деп отырғанымыз – таңғы және кешкі уақыт. Яғни, біз қауырт уақыттарда алғандықтан қымбатқа сатып аламыз. Иә, бәлкім бұл Қазақстан үшін жоғары тариф болып көрінетін шығар. Бірақ біз оны мәжбүрліктен аламыз. Өйткені біздегі генерация қажеттілігімізді толық жаба алмайды. Ал біз Ресейге сатқан кезде өзіміздегі басы артық қуатты жөнелтеміз. Мұндай профицит түнде пайда болады. Ресейге ол қуаттың қажеті шамалы. Бірақ біз оны жүйелердің өзара ықпалдастығы аясында жөнелтіп отырамыз. Баға айырмашылығы үлкен болып көрінеді, бірақ бұл айырмашылық теңгерім бағасынан туындап отыр», – деді компания басшысы.

Нұржан Керімқұловтың айтуынша, кейінгі үш жылда Қазақстанға Ресейден импортталатын электр қуатының бағасы біртіндеп түсіп келеді.

«2021 жылы біз 2023 жылғыдан қымбатқа сатып алаған едік. 2022 жылы 1 Кв\сағ қуатты 24,88 теңгеге сатып алдық. 2023 жылы 19,37 теңгеге сатып алғанбыз», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: