Қазақстанда 117 жойғыш ұшақты жойып жіберуге шешім қабылданды, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің (қазіргі өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – ред) бұйрығы бойынша МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 және Су-24МР, барлығы 117 бірлік авиатехника пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген.
«Оны Қазақстан Республикасының аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық тендерге шығаруға жатады. Негізгі шарт – оны толығымен жою», – дейді министрлік мамандары.
Барлық ұшақтың техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Оны ары қарай пайдалануға болмайды. Ал үшінші тұлғаларға өтіп кетпеуіне жол бермеу үшін кесу және басқа да жолымен жоюға шешім қабылданды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!