Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сенбі, 09 қараша, 05:05

Киберқылмыстан қауіп көп

23.10.2024

303

0

ҚМА азаматтарды жеке банк карталарын пайдалану арқылы қылмыстық табыстарды заңдастыру үшін оңай табыс ұсынып, қылмыстық схемаларға тарту фактілері жиілеп кеткені туралы ескертеді.
Азаматтар қаржылық операциялар жасау үшін банк карталарын үшінші тұлғаларға беріп, «дроп» болу қаупін ескермей, қылмыстық схемаларға тартылуы мүмкін.
Ақша кибер құқықбұзушылықтардан немесе есірткі және адам сату сияқты қылмыстық схемалардан тартылуы ықтимал.
ҚМА жүргізген талдауына сәйкес, есірткі сатумен байланысты схемаларда жалпы айналымы 22 млрд теңге болатын 30 мың банк картасы пайдаланылған.
Мұндай заңсыз схемаларға қатысу тұлғалардың мүлкін тәркілеу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік сияқты ауыр салдарға әкеледі.
ҚМА соңғы зерттеулеріне сәйкес, қаржылық қиындықтарға тап болғандардың, атап айтқанда жұмыссыздар, студенттер және әлеуметтік осал топ өкілдерінің алаяқтардың жеңіл жолмен оңай олжаға кенелу уәделеріне сеніп, дроп болып қалу қауіпі жоғары екені анықталды.
Астана мен Қарағанды қаласының студенттері және Теміртаулық 64 жастағы зейнеткер «дроп» ретінде Telegram-дүкенінде есірткі сатудан алынған ақшаны жылыстату схемасына қатысқан. Олардың шоттары арқылы 100 млн теңгеден астам қаржы өткен. Бұл наркошоптың жалпы айналымы 2 млрд теңгеден асқан.
Тағы бір жағдайда Алматыда 20 жастағы студенттің картасы пайдаланылып, оның шотына 900-ден астам адамнан 22,5 миллион теңге түскен. Аударымдар 7.5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта болған, бұл сомалар есірткі заттарының бір реттік дозаларының құнына сәйкес келеді.
Кейіннен бұл ақша құқық бұзушылардың крипто-әмияндарына шығарылды.
Құрметті азаматтар!
Онлайн диалог арқылы бейтаныс азаматтар немесе компанияның өкілдері хабарласып, шотыңызға сыйақыға ақша аударып, есесінен оңай ақша табуды ұсынған жағдайда қырағылық танытып, өзіңізді қылмыстық схеманың мүшесі болудан сақтаңыз.
Егер сіз мұндай ұсыныстарға тап болсаңыз, алаяқтармен барлық байланысты тоқтатып, ақша аудармаңыз.
Аталған фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз, олар сізге тиісті ақпараттық қолдау көрсетеді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: