Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:23

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

03.11.2023

259

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға тақырыптық қабылдау өткізілді.

Қабылдау барысында Жалағаш аудандық «Соқырлар» ҚБ төрағасы Адынбай Сейфулмәлік қараша айында болатын «Зағип» жандар күні мен желтоқсан айында болатын «Мүгедектер» күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық сайыс өткізгісі келетінін жеткізді. Аталған шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып сонымен қатар, қолдау білдіруін сұрады. Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Анар Құрманалиева тиісті көмек жолдары ұйымдастырылатын айтып өтті.

Ал қабылдауға келген аудан тұрғыны аудан орталығындағы инватакси қызметінің заңдылықтары туралы сұрады. Аталған сауалға заң аясында кеңес берілді.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: