Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Шаймағанбетов Әмірбек Бердібекұлы “Аққыр” ауылдық округінде тұрғындар мәселесін тыңдады.
Қабылдау барысында ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы, №188 Аққыр орта мектебінің мүғалімі, учаскелік полиция инспекторы және басқа да ауыл тұрғындары тарапынан аяқ-су, егін егу, бау-бақшаға қатысты су мәселесі, ауылдық клуб, елді мекеннің көшелерін асфальттау, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымын енгізу және жаңа қызметтік автокөлік бөлу, №181 орта мектептегі ьілім сапасын арттыру мақсатында ғаламтор желісін 8 мгбт. – 20 гбт. дейін жоғарлату жөнінде бірқатар мәселелер көтерілді.
Тұрғындар мәселесін мұқият тыңдаған халық қалаулысы аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстардың облыстық сала басшыларымен тікелей байланысқа шығып жүргізіліп жатқандығын және қаржы көздерін заң аясында ауылға тарту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!