Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 14:21

   Құрметті ата-аналар!!!

12.07.2024

315

0

Терезеден құлау – балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

​- Барлық терезеге 12 см-ден артық ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою керек. Сондай-ақ, ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады: сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.

​- Мүмкін болса, терезенің тек жоғарғы бөлігін ашқан жөн.

​- Үстіне оңай шығатын жиһазды терезенің қасына қоймаңыз. Жалпы, бала жалғыз ойнап отқан бөлмеге ол оңай көтере/ысыра алатын орындықты қалдырмаңыз.

​- Москит торға сенбеңіз. Бұл ата-ананың көпшілігі жіберетін қателік. Москит тор бала салмағын көтермейді.

​- Аз уақытқа болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет.

​Бала ата-анасының және отбасыдағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. ​Сондықтан өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: