Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 14:47

Қыста көлікті қанша уақыт қыздыру қажет?

24.01.2024

353

0

Қыс көлік жүргізушілері үшін оңай еңсеретін кезең емес. Мезгілдегі ауа райы ерекшеліктері оларды біраз сарсаңға салып жүргені белгілі. Осы уақытта көлік күтіміне қатысты сұрақ көп. Автокөлік тізгіндегендердің пікірін қақ бөлетін жайттың бірі – қыста көлікті қыздыру-қыздырмау мәселесі. Алғашқы топ көлікті міндетті түрде қыздыруды қажет деп тапса, келесі топ бұл процеске кеткен минуттарды бос уақыт өткізуге теңейді. Ал көлік эксперттері екі қағиданың алтын аралығын ұстанған жөн деген пікірді алға тартады, деп жазады Egemen.kz.

Қыстың күні қаз қатар тізілген көліктерді аулада қыздырып тұрған жүргізушілерді жиі байқаймыз. Асылында аулада тоқтап тұрған көлікті қыздыру заң аясында қалай реттеледі?

ҚР «Жол жүрісі» туралы Заңның 17 бөлігі, 2-тармағында тоқтап тұрған көлікті тұрғын үй аулаларында қыздыруға тыйым салынса, 12-тармағында: «бұл тұрғындарға қолайсыздық тудыратын болса, елді мекендерде қозғалтқышты қосып қойып тұрақтауға тыйым салынған», деп жазылған. Алайда жүргізушілер мен патрульдік полиция бұл ережені ескере бермейді. 

Ереже бойынша көлік белгілі бір себептерге байланысты 5 минуттан аса қозғалтқышы қосулы күйде аялдаса, осы уақыт шегінен асса оның тұрақта тұрғанын білдіреді. Егер сіз көлігіңізді оталдырып, ол қызғанша үйге кіріп кетсеңіз бұл ережені бұзу болып саналады.

Ал көлікті қыздыру қажет пе деген тартысқа тоқталсақ, мамандар дизель отынды пайдаланатын көлікті міндетті түрде қыздыру қажет деп есептейді. Ал қыздыру уақытын сырттағы ауа температурасына қарай бағамдау керек.

+5 – 0 градус арасындағы ауа температурасы кезінде көлікті 1 минут қыздыру жеткілікті.

Ал күн райы 0, – 10 градус болса қозғалтқыштың қызуына 2 минут бөлген дұрыс.

-10, – 20 градус аязда автокөлікті 5 минут шамасында қыздыру ұсынылады.

Ауа температурасы – 20 градустан жоғары болса көлікті 7-10 минутқа дейін қыздыру қажет.

Алғашқы топтың пікірінше көлікті қыздыру оның ұзақ әрі сенімді қызмет етуіне, ток циркуляциясының қалыпқа келуіне септесіп, қауіпсіз қимылдауға сенім артады деген ұстанымда.

Ал көліктің қызғанын күтудің қажеті жоқ деп санайтын топ күн сайын тізгінге отырып, көлікті қозғалтқанда алғашында жылдамдықты асырмай айдап, бағдаршамға тоқтағанда, кептелісте тұрғанда-ақ машина қызады деп есептейді. Бұл топтың пікірінше қозғалтқыш қалыпты температураға түскенде ғана жылдамдықты қосуға болады.

Экологтар көлікті қыздыру процесі ауа сапасының айтарлықтай нашарлауына әкеліп соғатынын айтып дабыл қағады. Осы қағида негізінде Германия, АҚШ-тың 31 штатында т.б. мемлекеттерде көлікті қыздыруға тыйым салынған. Алайда алып АҚШ-тың аймақтарындағы климаттық ерекшеліктер негізінде қағида құбылып тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: