Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа 125-1-бап – «Неке қиюға мәжбүрлеу» енгізілді.
Бұл бап бойынша қалыңдық ұрлауға қатысты жауапкершілік бірнеше есе күшейтілді:
🔹 1-бөлім:
➤ 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (~7,8 млн тг)
➤ немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
🔹 2-бөлім:
➤ Қорқыту, күш қолдану, кәмелетке толмағандарды тарту
➤ 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
🔹 3-бөлім:
➤ Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе немесе өлім жағдайы болса —
5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы қолданылады.
Енді тараптардың татуласуы жауапкершіліктен босатпайды!
Заң баршаға ортақ. «Дәстүр» деген – зорлықты ақтау емес.
Қыздың келісімінсіз неке — бұл құқық бұзу, ал алып қашу — қылмыс!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!