Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 26 сәуiр, 01:48

Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілі тағайындалды

08.10.2022

742

0

Қызылорда облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы тағайындалды. 

Жапырақ Бегімбайқызы – 1973 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Абай атындағы қазақ мемлекеттік университетінде және Санкт-Петербург медицина академиясында білім алған. Отбасылы 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Кәсіпкер, балаларға мектепке дейінгі білім берумен айналысатын «Шағбан» ЖШС құрылтайшысы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жұмыстарын жүргізетін «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының директоры. Балалармен тығыз жұмыс жасау, тәрбие беру бағытында және қоғамдық қызмет саласында тәжірибесі мол маман.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайтын болады. Сондай-ақ, балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

Уәкіл қоғамдық негізде жұмыс жасайды. Кез-келген ата-ана немесе азаматтар балаларының құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда өңірлік уәкілдің көмегіне жүгіне алады.

Узакбаева.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: