Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 16:57

Қызылорда облысында 8 отбасы ата-ана құқығынан айырылды

15.10.2023

274

0

Қызылорда облысында сот үкімімен 8 отбасы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасайтын және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Бала-Заң-Қауіпсіздік» атты жедел профилактикалық шаралары өтті.

Нәтижесінде 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылып, 53 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін ұсталды.

«Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілінсіз үйінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 4700 баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-ана міндетін орындамаған 8 отбасы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 ата-ананың құқығы шектелді. Ал 5 жаөспірім облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатында білім алады. Тағы 2 жасөспірім Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына орналастырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда облысында арнайы рейд өткен. 

Сол арқылы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрісіне жол берілмейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: