Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 21:08

Қызылорда облысында көмір қоры жеткілікті ме?

01.11.2023

329

0

Қызылорда облысы бойынша жылу беру маусымына 238 мың тонна көмір қажет. Оның 205 мың тоннасы облыс тұрғындарына, 33 мың тоннасы әлеуметтік нысандарға тиесілі. Бүгінге дейін өңірге 123,8 мың тонна көмір жеткізілді. 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің түсірілім тобы қаладағы көмір қоймасына барып, жауапты сала маманынан сұхбат алды.

-Қазіргі таңда қала және аудандардағы көмір қоймаларында нақты 26,6 мың тонна қатты отын қоры бар. Қазіргі таңда халыққа көмір сатумен 41 аймақтық оператор жұмыс істейді. Көмір бағасы маркаларына сәйкес 17-22 мың теңге аралығында сатылуда. Күні кеше облысқа 5 вагон көмір түсірілді. Жолда тағы 73 тонна қатты отын қоры келе жатыр. Осы ретте көмірге байланысты тапшылық жоқ екенін айтқым келеді, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Руслан Тәуекелов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: