Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 16:54

Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру – Антикор

22.12.2023

456

0

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінің алаңында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасының іске асырылуы» бойынша брифинг өткізілді.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков сөз сөйледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасымен барлығы 9 бағыт анықталды, олар білім беру, медицина, бизнесті қолдау, жер, олигополия, агроөнеркәсіптік кешен және т.б. салалар.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған картаға енген салалардағы мәселелер мен сыбайлас жемқорлық көріністерін шешу үшін тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізді: 8 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және 4 – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау.

Сонымен қатар, брифинг барысында ұзаққа созылған құрылыс нысандарының мониторингі тақырыбы қозғалды. Оларға Жақсықылыш кентіндегі «Дене шынықтыру және сауықтыру кешені», Жаңақорғандағы «300 орындық мектеп», Әйтеке би кентіндегі «250 орындық мектеп» пен «600 орындық мәдениет үйі» кірді.

Бұдан бөлек, «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобаларын іске асыру қорытындылары айтылды.

«Бизнеске жол» жобасы аясында 36 проблемалық мәселе оң шешіліп, 2500-ге жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

 Облыста 600 бизнес субъектісімен 50-ден астам жұмыс кездесуі өткізілді.

Кәсіпкерлерге төленуі қажет 1,2 млрд теңге қаражаты қайтарылды.

Ағымдағы жылы Департаментпен жалпы 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Нәтижесімен 2 департамент басшысы, 2 басқарма басшысы, 2 ауылдық округ әкімдері, 3 бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бүгінгі күні  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы бойынша мақсатты аудитория 110-нан аса еріктілер санымен толығып, атқарылған жұмыс нәтижелері өз жемісін көрсетті.

«Біз өз қызметімізді басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын боламыз.1424 Call-орталығымыз азаматтарға тегін ақпараттық– констультациялық қолдау көрсетеді.Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілер туралы осы Call-орталыққа, сонымен қатар біздің Департаментке, немесе Департамент басшысының «Фейс-бук»-парақшасына хабарласа аласыздар.Барлық өтініштер біздің тұрақты бақылауымызда», – деп қорытындылады А.Ашиков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: