Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 20:50

Қызылорда облысының Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

29.07.2023

497

0

Ермеков Дінмұхамед Жандарбекұлы Қызылорда облысының Дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дінмұхамед Ермеков облыстық бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және өңір әкімінің өкімімен тағайындалды.

Д.Ермеков 1992 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы «Парасат Снаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері ретінде бастаған.

2014-2015 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінде, Мәтібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінде бас маман қызметінде еңбек етті.

2015-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қорғаныс және және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде сарапшы, бас сарапшы ретінде қызмет атқарды.

2018-2021 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бас консультанты, бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің сарапшысы, консультанты жауапты қызметтерінде болған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: