Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 16:09

«Қызылорда – Жезқазған» жолы – көлік инфрақұрылымындағы маңызды жоба

18.10.2023

246

0

 Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 136 шақырым учаскесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Одан кейін жауапты мердігер мекемелер басшыларымен жиналыс өткізіп, мәселелерді талқылады. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. «Қазавтожол» ҰК АҚ Қызылорда облыстық филалының басшысы Ерұлан Жүнісов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Аймақ басшысы көлік инфрақұрылымы саласындағы өңіріміз үшін ең маңызды жобалардың бірі – «Қызылорда – Жезқазған» автожолы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін еске салып, ең алдымен жұмыс сапасына баса мән беруді тапсырды. Жол құрылысына қатысты, сонымен қатар еңбек заңдылығын қатаң сақтау туралы міндеттер жүктеді. Құрылыста жұмыс істейтін шетел азаматтарының арасында ешқандай құқық бұзушылықтың орын алмауы жіті бақылануы тиіс. Сыр өңірін орталықпен байланыстыратын үлкен жобаны жүзеге асыруда сапа, тәртіп және жол құрылысы заңдылықтарының сақталуы бірінші орында тұруы керек.

Өткен аптада өңірге жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар нысан жұмысымен танысып, аймақ дамуына оң баға берді. Мемлекет басшысына «Қызылорда – Жезқазған» автожолын салу барысы туралы баяндалды. Бүгінде осы жолдың. Қызылорда облысына тиесілі 216 шақырымының 104 шақырымы аяқталуда.

Айта кетейік, облыс әкімдігінің басшылығымен құзырлы мекеме мамандарынан жасақталған арнайы комиссия жол құрылысы талаптарының қатаң сақталуын қадағалайды. Жоба 2025 жылға дейін толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңартудың техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес айналма жол, 2 айрық, ауыл шаруашылық техникалары мен үй жануарларына арналған 2 өткел, су арналарына 3 көпір, 2 көпфункционалды аралық бақылау (салмақ, габарит, жылдамдық) өлшейтін арка, 5 заманауи жылы дәретхана, 5 демалыс алаңы, 56 су өткізгіш құбыр, 10 мал өткелі, 117 жол қиылысы мен түйісуі қарастырылған.

Қазір мердігер мекемелер қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Президент қолдауымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы 4 жолақты жолға ауысады. Мемлекет басшысы қазіргі жол, шын мәнінде, өте тар екенін атап өтіп, оны кеңейту жұмыстарын тезірек бастауды, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға кешіктірмей қаржы бөлуді тапсырды. Аймақ үшін ғана емес, республика үшін маңызды автожол құрылысы таяу арада іске асады.​

392755145_628204922834089_7600879063137082420_n.jpg
392795636_628204796167435_7003497869669626960_n.jpg
392762950_628204732834108_4700625960874286862_n.jpg
392791037_628204862834095_1428739854492508138_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: