Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:10

Қызылордада мұз опырылып, екі бала суға батып кете жаздады

22.01.2024

222

0

Қызылордада екі жасөспірім – қыз бен жігіт мұзға құлап, қауіпке тап болды.

Абырой болғанда Сырдария өзенін патрульдеу кезінде полицейлер мұзға құлап кеткен 15 жасар қыз бен 14 жастағы жігітті байқапты. 

Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы дереу оларға араша түсіп, жеткіншектерді суық судан алып шыққан.

Полицейлер жедел жәрдем шақырып, кейін балаларды ата-анасына тапсырды. Анықталғандай, жасөспірімдер ойнап жүріп, мұзға шығып, оның соңы шытырманға ұласқан. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: